• Басты бет
  • /
  • Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

10.01.2023-11.01.2023 ж. мектеп педагог-психологтары Ахметжанова М.В. және Файрушина А.В. мұғалімдерге психологиялық тренингтер өткізді. Мақсаты: педагогтардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау, психоэмоционалды күйлерді реттеу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық қызметте эмоционалды күйіп қалудың алдын алу. Психологтар ұсынған жаттығуларды мұғалімдер қызығушылықпен орындап, тапсырмаларға белсенділік, шығармашылық таныта отырып қарады, позитивті болды. Тренинг барысында мұғалімдер тобында ынтымақтастық атмосферасын құру, эмоционалды күйіп кетудің алдын алу, өзіне деген сенімділікті арттыру міндеттері шешілді.